«Мемлекет қолдауымен» Президент Жолдауында аталған кіші орта бизнеске қолдау көрсетудің мемлекеттік бағдарламасы аясында Теміртау қаласының кіші орта бизнес және мен іскерлер қоғамының өкілдерінің қатысуымен брифинг – 9 ақпан.
9 ақпанда сағат 14.00-де Теміртау мұражайында «Мемлекет қолдауымен» атты іс-шара өткізіледі. Мақсаты: Жаңа экономикалық саясаттың және мемлекеттік бағдарламаның Теміртау қаласындағы кіші және орта бизнеске қолдау көрсетуі бойынша жасалып жатқан жұмыспен таныстыру. Іс-шараға Теміртау қаласының кіші және орта бизнес өкілдері, кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімдерінің өкілдері, оқушылар қатысады. Экспозицияда «Бизнес 2020 Жол картасы» бағдарламасына қатысқан мекемелер туралы және Теміртау әкімшілігі бекіткен «Дара тұлға» алтын белгісінің иегері атанған кәсіпкерлер туралы деректер ұсынылады.