• Теміртаулық суретші Мустафина Хайнисаның 60 жылдық мерей тойына арнайы «Тарихи елестер» атты жеке көрмесі – 17 ақпанда.
17 ақпанда Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайында «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында «Тарихи елестер» теміртаулық суретші Мустафина Хайнисаның 60 жылдық мерей тойына арнайы атты жеке көрмесі ашылады. Хайниса Рахимжановна көп жыл бойы тарихи-өлкетану мұражайында бас суретші болып қызмет етеді. Бұл суретшінің алғашқы көрмесі болмақ. Көрмеде графика, портрет жанрындағы суреттері ұсынылады. Сонымен қатар, мұражайлық және қалалық экспозицияларға жасалған эскиздері көрменің бір бөлігін құрайды. Барлығы отыз шақты суреттер көрмеден орын алады.