• Теміртаулық суретші Марденова Ақлиманың «Дала рухы» атты жеке көрмесі- 24 ақпан.
24 ақпанда сағат 16.00-де Теміртау мұражайында кәсіби суретші Марденова Ақлиманың «Дала рухы» атты жеке көрмесі ашылады. Ақлима майлы бояумен жазылған өзінің шығармашылығын ұсынады. Суретшінің шығармашылдық ерекшелігі: көрерменге туған жердің сұлулығын, халқының салт-дәстүрін, кешегі күні мен жарқын болашығын бояу өрнектері арқылы жеткізеді. Ал басқа суретшілерден айырмашылығы Ақлима суретті кілем жасаудың қас шебері. 10 жыл бойы ұлттық нақышта көз майын тамызып жасаған суретті кілемдерінің біразы ЭКСПО-2017 көрмесіне аттанбақ. Барлық жоғы көрмеде 30 шақты суреттер көре аласыздар.
• «Толеранттық академиясы» этно – фестиваль - 26 ақпан.
26 ақпанда сағат 15.00-де Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайында Қазақстан халықтарының Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Толеранттық академия» этно – фестивалі өтеді. 6 шығармашылық алаңда, өз мәдениетін жақсы білетін және сол білімдерімен сіздермен бөлісетін, нағыз академиктер қарсы алады. Іс-шараға қатысушылар оқушылар мен студенттер. Мұражай үлкен фестивальдық алаңға айналады. Келген қонақтар ұлттық ерекшеліктермен, мәдениетімен танысып, фестивальдың белсенді қатысушыларына айналады. Қазақша ою салып, көрпе тігіп, орыс халқының музыкалық аспабында ойнауды үйреніп, грекше би билеп, татар халқының тәтті тағамдарын даялауды үйреніп, неміс халқының ұлттық ойындарын ойнап, қызық думанға кенеледі
. • Қазақстанның мәдени мұрасы, «Жанды байланыс» атты суретші Марденова Ақлиманың шеберлік сыныбы - 28 ақпан.
28 ақпанда 15.00-де Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайында «Мәдени мұра» бағдарламасының аясында «Жанды байланыс» атты іс-шара өткізіледі. Бұл іс-шарада Теміртаулық суретші Марденова Ақлима суретті кілем тоқудан өз шеберлігімен бөліседі. Гобелен техникасында Ақлима он жылдан астам сурет салып келеді. Бұл өте қиын, төзімділік пен шығармашылықты талап ететін қол өнер түрі. Бір суретті кілем тоқып шығу үшін суретші жарты жылға дейін бас көтермей, тоқудың түрлі тәсілдерін қолдана отырып, жұмыс істейді. Ақлиманың суреттері ашық түсті бояумен, ұлттық нақышта жасалады. Өзінің тәжірибесімен, шығармашылық қиындықтармен шебер суретші Ғ. Жұбанова атындағы өнер мектебінің оқушыларымен бөліседі.