• «Магнит» ақындар клубымен, «Орфей» бард әндерінің клубымен, «Т-АРТ» суретшілер клубымен бірлесе өткізетін іс-шара - «Қалалық романстар кеші» - 3 наурыз.
3 наурызда сағат 16.00- де Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайында Теміртау қаласының 70-жылдығына арналған «Қалалық романстар кеші» атты іс- шара өткізіледі. Іс-шараға қатысушылар «Магнит» ақындар клубы, «Орфей» бард әндерінің клубы, «Т-АРТ» суретшілер клубы және қаламыздың зиялы қауымы. Концерттік бағдарламада қаламыз туралы, оның тұрғындары туралы өлеңдер оқылып, әндер шырқалады. Суретшілер өз шығармашылық туындыларын назарларыңызға ұсынады.
• Экспозиция «Арулар отты жылдарда…» ҰОС Жеңісінің 70-жылдығына арналады – 5 наурыз.
5 наурызда Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайында ҰОС Жеңісінің 70-жылдығына арнайы, Халықаралық әйелдер күніне арнайы «Арулар отты жылдарда…» атты экспозиция ашылады. Экспозиция сол бір қатыгез кезеңді, сұм соғыс түбегейлі өзгерткен халық өмірін, әсіресе әйелдер тағдырын толығырақ көрсетеді. Үзілген үміт, кесілген тағдыр. Жанұя құрып, бала сүйіп, ана атанам деген тәтті армандарды соғыс оты шарпып кетті. Ауыр еңбек, шерге толған жүрек, қайғы –қасірет- міне соғыс кезіндегі әйелдердің күні. Экспозицияда бірегей фото-құжат материалдары ұсынылады. Сол кезде түсірілген әрбір сурет бүгінгі күндегі естеліктермен толықтырылған. Тағдырында соғыс деген мөр басылған- медбикелер, тыл еңбеккерлері, концлагерлердің тұтқындары, блокаданы басынан кешкен нәзік жандардың қайғы мен батылдыққа толы көздерін көре аласыздар.
• ҰОС Жеңісінің 70-жылдығына арнайы, Халықаралық әйелдер күніне арнайы, мемлекеттік гендерлік тепе-теңдік стратегиясына қолдау көрсете отырып «Жалын кешкен арулар...» атты іс-шара - 6 наурыз.
6 наурызда Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайында ҰОС Жеңісінің 70-жылдығына арнайы, Халықаралық әйелдер күніне арналған «Жалын кешкен арулар...» атты іс-шара өткізіледі. Іс-шараға Теміртау қаласының медициналық колледж студенттері мен соғысты басынан кешкен Ұлы Отан соғысының ардагерлері қатысады. Дәл бүгін алыста қалған сол жылдарға көз жүгіртіп, ой елегінен өткізетін күн.