• «Магнит» ақындар клубымен, «Орфей» бард әндерінің клубымен, «Т-АРТ» суретшілер клубымен бірлесе өткізетін іс-шара - «Қалалық романстар кеші» - 3 наурыз.
3 наурызда сағат 16.00- де Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайында Теміртау қаласының 70-жылдығына арналған «Қалалық романстар кеші» атты іс- шара өткізіледі. Іс-шараға қатысушылар «Магнит» ақындар клубы, «Орфей» бард әндерінің клубы, «Т-АРТ» суретшілер клубы және қаламыздың зиялы қауымы. Концерттік бағдарламада қаламыз туралы, оның тұрғындары туралы өлеңдер оқылып, әндер шырқалады. Суретшілер өз шығармашылық туындыларын назарларыңызға ұсынады.
• Экспозиция «Арулар отты жылдарда…» ҰОС Жеңісінің 70-жылдығына арналады – 5 наурыз.
5 наурызда Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайында ҰОС Жеңісінің 70-жылдығына арнайы, Халықаралық әйелдер күніне арнайы «Арулар отты жылдарда…» атты экспозиция ашылады. Экспозиция сол бір қатыгез кезеңді, сұм соғыс түбегейлі өзгерткен халық өмірін, әсіресе әйелдер тағдырын толығырақ көрсетеді. Үзілген үміт, кесілген тағдыр. Жанұя құрып, бала сүйіп, ана атанам деген тәтті армандарды соғыс оты шарпып кетті. Ауыр еңбек, шерге толған жүрек, қайғы –қасірет- міне соғыс кезіндегі әйелдердің күні. Экспозицияда бірегей фото-құжат материалдары ұсынылады. Сол кезде түсірілген әрбір сурет бүгінгі күндегі естеліктермен толықтырылған. Тағдырында соғыс деген мөр басылған- медбикелер, тыл еңбеккерлері, концлагерлердің тұтқындары, блокаданы басынан кешкен нәзік жандардың қайғы мен батылдыққа толы көздерін көре аласыздар.
• ҰОС Жеңісінің 70-жылдығына арнайы, Халықаралық әйелдер күніне арнайы, мемлекеттік гендерлік тепе-теңдік стратегиясына қолдау көрсете отырып «Жалын кешкен арулар...» атты іс-шара - 6 наурыз.
6 наурызда Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайында ҰОС Жеңісінің 70-жылдығына арнайы, Халықаралық әйелдер күніне арналған «Жалын кешкен арулар...» атты іс-шара өткізіледі. Іс-шараға Теміртау қаласының медициналық колледж студенттері мен соғысты басынан кешкен Ұлы Отан соғысының ардагерлері қатысады. Дәл бүгін алыста қалған сол жылдарға көз жүгіртіп, ой елегінен өткізетін күн.
• «Кәсіптік шеберхана» тақырыбында Наурыз мерекесіне арнайы «Ұлттық дәстүрлер» ғылыми зерттеу жобасының аясында іс-шара - 12 наурыз.
12 наурыз сағат 12.00- де қалалық тарихи-өлкетану мұражайында Наурыз мерекесі қарсы алдында «Ұлттық салт дәстүр» ғылыми-зерттеу жобасы аясында және де мәдени мұраны сақтау барысында «Кәсіптік шеберхана» атты іс-шара өткізіледі. Экспозицияда ұлттық нақышта жасалған танымал қарағандылық зергер Серік Елубаевтың жұмысы қойылады, ағаш өнерінің шебері Төлеуғазы Дүйсенбеков өзінің көптеген жұмыстарымен таныстырады, сәндік-қолданбалы қолөнері бұйымдарын тамашалайсыздар.Шараға қатысып сіздер қазақтың киіз басу өнерімен танысасыздар, қазақи дәстүр бойынша әзірленген түс киізді көріп, оның жасалу тарихымен танысасыздар. Тоқудың түрлі дәстүрлерін қолдана отырып, көздің жауын алатын өнер туындысын тоқитын түс кілем шебері Марденова Ақлима өнерін тамашалайсыздар.
• «Сплав» халықтық фото клубының есеп беру көрмесі «Бүгінгі күндер қалыптамасы» - 19 наурыз.
19 наурызда сағат 16.00- де Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайында «Бүгінгі күндер қалыптамасы» атты «Сплав» халықтық фото клубының есеп беру көрмесі ашылады. Көрмеге кәсіби фотосуретшілер мен қатар әуесқойшы фотосуретшілерде қатысады. Бүгінгі күнде клубқа жаңа леп енгізген жастар көп келеді. Олардың шығармашылық тақырыптары да сан алуан. Өз еңбектерінде бірі табиғи, қалалық көріністерге тоқталса, енді бірі адамға,әлеуметтік мәселелерге тоқталған. Репортаж, пейзаж, портрет сияқты түрлі жанрлардың алмасуы арқылы көрме көрермендердің қызығушылығын оятады.
• «Түркі халықтарының материалдық мәдениеті» Теміртау қаласының орталық алаңында көшпелі экспозиция - 21 наурыз.
Экспозицияда түркі халықтарының материалдық және рухани мәдениетін айқындайтын экспонаттар орын алады. Наурыз мерекесінің тойлануына басты назар аударылады.