Теміртаулық суретші А. Литвиновтың 55 жылдық мерей тойына арналған жеке көрмесі «Қабырға» - 7 сәуір.

7 сәуірде сағат 16.00-де Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайында Теміртаулық суретші А. Литвиновтың 55 жылдық мерей тойына арналған жеке көрмесі ашылады. Суретші өз көрмесін «Қабырға » деп атады. Бұл 100 жуық суреттер жинағы. Бұл жолы суретшінің шығармашылық тақырыбы - қала, мегаполис, тарих. Биыл Теміртау қаласына 70 жыл толмақ, осы орайда суретші өзінің мерей тойын қала тойымен ұштастырмақ.

• Ғарышкерлер күніне арналған экспозиция «Жұлдыздар жолында» – 8 сәуір.

8 сәуірде сағат 12.00-де Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайында Ғарышкерлер күніне арналған «Жұлдыздар жолында» атты экспозиция ашылады. Ғарышқа ұшу дегеніміз адамзат тарихындағы өте бір маңызды оқиға, бұл ғылым мен техниканың жеңісі, бұл табиғаттың тылсым күшін жеңе білген адамзаттың жеңісі. Экспозиция 5 бөлімнен тұрады, әрбір бөлімде суреттер мен құжаттар ғарыш тарихын баяндайды. Бірінші бөлім «Байқоңыр» ғарыш айлағына және ғарышқа алғаш рет ұшқан адамға арналады. Негізгі бөлім қазақстандық ғарышкерлер Т.Әубәкіров пен Т. Мұсабаев туралы баяндайды. Экспозиция ғарышта болып қайтқан ту, «Мир» ғарыш станциясы мен ракетаның макеті, почталық маркалар, сынақшы-ұшқыштың шлемі, 1961 жылы 12 сәуірде басылымға шыққан газет сияқты бірегей жәдігерлермен толықтырылады.

«Ғарышқа жеткізетін ең қысқа жол» «Байқоңыр» космодромының 60 жылдығына арналады - 9 сәуір.

9 сәуірде сағат 14.00- де Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайында «Байқоңыр» космодромының 60 жылдығына арналған «Ғарышқа жеткізетін ең қысқа жол» атты іс-шара өткізіледі. Бұл біздің мемлекетіміздің аймағында орналасқан әлемдегі ірі ғарыш айлағы. Іс-шараның мақсаты жас жеткіншектерде өз еліне деген мақтаныш сезімін ояту, оларда шығармашылық және танымдық қасиеттерін дамыту, ғарыш тарихы, оның ішінде ғарыш айлағы туралы кеңінен мәлімет беру. Балалар ғарышты дамытуда өз үлесін қосқан тұлғалармен, маңызды оқиғалар желісімен танысады. Барлық ақпарат сурет және видео материалдармен толықтырылады.

• Халық аспаптар көрмесі «Дыбыстар әлемінде» - 22 сәуір.

22 сәуірде сағат 12.00- де Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайында Мәдени мұра мемлекеттік бағдарлама аясында «Дыбыстар әлемінде» атты халық аспаптар көрмесі ашылады. Экспозицияда әр түрлі халықтардың ұлттық аспаптары ұсынылады. Оның негізін Ғ. Жұбанова атындағы өнер мектебінің оқытушысы А.И. Туровскийдің жеке музыкалық жинағы мен мұражай қорында сақталатын музыкалық аспаптар құрайды. Музыкалық аспаптардың ішінде сан жағынан озып тұрған қазақ халқы мен орыс халқының музыкалық мәдениеті. Өте қызық әрі көне аспаптар да кездеседі. Мысалы понтий лирасы немесе кеменче, ежелгі даң, цимбалы. Музыка мәдениеті арқылы келушілер Теміртау қаласында тұратын түрлі ұлттардың тарихы мен салт –дәстүрлерімен танысады.

• Қазақстан халықтары бірлігі күніне арналған «Сазды қобдиша» - 24 сәуір.

24 сәуірде сағат 15.00-де Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайында Қазақстан халықтары бірлігі күніне арналған «Сазды қобдиша» атты іс-шара өткізіледі. Қазақстан халықтарының ассамблеясының 20 жылдығына орай мұражай өз жұмысында әр түрлі формаларды қолдана отырып, елімізде тұратын ұлт өкілдерінің мәдениетімен, әдет-ғұрпымен, салт-дәстүрімен таныстырады. Бұл жолы келген қонақтарға ұлттық музыкалық аспаптар әлеміне саяхатқа аттануға ұсынамыз. Жәй ғана көріп, естіп қоймай, сиқырлы дирижер таяқшасының басқаруымен аспапатарда ойнап, керемет бір әсер алады. Дирижердің сиқырлы таяқшасының көмекшісі ролін Ғ. Жұбанова атындағы өнер мектебінің оқушылары атқарады. Олар халық аспаптарында қалай ойнау керек екенін көрсетіп, үйретеді.

• Еске алу – инсталляция «Ақылға сыймас: Отты жылдар – сан арқылы» - 28 сәуір.

28 сәуірде Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайының үлкен көрме залында Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығына арналған «Ақылға сыймас: Отты жылдар – сан арқылы» тақырыбында еске алу – инсталляциясы ашылады. Жылдар өткен сайын, ардагерлер де азайып барады, есте тек қайғыға толы үрейлі соғыс сандары ғана қалуда. Адамзат тарихындағы ең бір сұм соғыс 1418 күнге созылды, майданда, тылда, концлагерлерде 26,6 млн. Адам қаза тапты. Осындай ақылға қонбас, бірақ өмірде орын алған соғыс статистикасы бойынша жүретін сандар инсталляцияда көрсетіледі.

• «Есте қалған жиырма миллион...» іс-шара - 30 сәуір.

30 сәуірде Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайында Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығына арналған «Есте қалған жиырма миллион...» атты іс-шара өткізіледі. Іс- шараға Ұлы Отан соғысы ардагерлері, тыл еңбеккерлері, Қалалық ардагерлер Кеңесінің өкілдері, ЖОО студенттері, мектеп оқушылары, облыс және қала Ақпарат құралдары қатысады. Іс-шараның мақсаты тағдыры тәлкек болған миллиондаған адамдарды еске алып, сол қатыгез соғыстың қалай болғаны туралы баяндау.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.