• Теміртаулық суретші А. Литвиновтың 55 жылдық мерей тойына арналған жеке көрмесі «Қабырға» - 7 сәуір.
7 сәуірде сағат 16.00-де Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайында Теміртаулық суретші А. Литвиновтың 55 жылдық мерей тойына арналған жеке көрмесі ашылады. Суретші өз көрмесін «Қабырға » деп атады. Бұл 100 жуық суреттер жинағы. Бұл жолы суретшінің шығармашылық тақырыбы - қала, мегаполис, тарих. Биыл Теміртау қаласына 70 жыл толмақ, осы орайда суретші өзінің мерей тойын қала тойымен ұштастырмақ.
• Ғарышкерлер күніне арналған экспозиция «Жұлдыздар жолында» – 8 сәуір.
8 сәуірде сағат 12.00-де Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайында Ғарышкерлер күніне арналған «Жұлдыздар жолында» атты экспозиция ашылады. Ғарышқа ұшу дегеніміз адамзат тарихындағы өте бір маңызды оқиға, бұл ғылым мен техниканың жеңісі, бұл табиғаттың тылсым күшін жеңе білген адамзаттың жеңісі. Экспозиция 5 бөлімнен тұрады, әрбір бөлімде суреттер мен құжаттар ғарыш тарихын баяндайды. Бірінші бөлім «Байқоңыр» ғарыш айлағына және ғарышқа алғаш рет ұшқан адамға арналады. Негізгі бөлім қазақстандық ғарышкерлер Т.Әубәкіров пен Т. Мұсабаев туралы баяндайды. Экспозиция ғарышта болып қайтқан ту, «Мир» ғарыш станциясы мен ракетаның макеті, почталық маркалар, сынақшы-ұшқыштың шлемі, 1961 жылы 12 сәуірде басылымға шыққан газет сияқты бірегей жәдігерлермен толықтырылады.
• «Ғарышқа жеткізетін ең қысқа жол» «Байқоңыр» космодромының 60 жылдығына арналады - 9 сәуір.
9 сәуірде сағат 14.00- де Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайында «Байқоңыр» космодромының 60 жылдығына арналған «Ғарышқа жеткізетін ең қысқа жол» атты іс-шара өткізіледі. Бұл біздің мемлекетіміздің аймағында орналасқан әлемдегі ірі ғарыш айлағы. Іс-шараның мақсаты жас жеткіншектерде өз еліне деген мақтаныш сезімін ояту, оларда шығармашылық және танымдық қасиеттерін дамыту, ғарыш тарихы, оның ішінде ғарыш айлағы туралы кеңінен мәлімет беру. Балалар ғарышты дамытуда өз үлесін қосқан тұлғалармен, маңызды оқиғалар желісімен танысады. Барлық ақпарат сурет және видео материалдармен толықтырылады.