ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына арналған экспозиция «Бәріміз сайлауға!» - 13 сәуір.
13 сәуірде сағат 12.00-де Теміртау тарихи –өлкетану мұражайында «Бәріміз сайлауға!» атты интерактивтік экспозиция ашылады.
Экспозиция арнайы жасалған сайлау кабинасында орналасады. Кабина кірген әрбір адам сайлау туралы Қазақстан Республикасының Заңымен танысып, елімізде өткен сайлаулар тарихы туралы мәлімет алады. Сонымен қатар, 2015 жылғы ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауының кандидаттарымен танысады. Жасанды сайлау бюллетеньдерінде жазылған Қазақстан азаматтарының сайлау құқығы туралы сұрақтарға жауап бере алады.