Халық аспаптар көрмесі «Дыбыстар әлемінде» - 22 сәуір.

22 сәуірде сағат 12.00- де Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайында Мәдени мұра мемлекеттік бағдарлама аясында «Дыбыстар әлемінде» атты халық аспаптар көрмесі ашылады.

Экспозицияда әр түрлі халықтардың ұлттық аспаптары ұсынылады. Оның негізін Ғ. Жұбанова атындағы өнер мектебінің оқытушысы А.И. Туровскийдің жеке музыкалық жинағы мен мұражай қорында сақталатын музыкалық аспаптар құрайды. Музыкалық аспаптардың ішінде сан жағынан озып тұрған қазақ халқы мен орыс халқының музыкалық мәдениеті. Өте қызық әрі көне аспаптар да кездеседі. Мысалы понтий лирасы немесе кеменче, ежелгі даң, цимбалы. Музыка мәдениеті арқылы келушілер Теміртау қаласында тұратын түрлі ұлттардың тарихы мен салт –дәстүрлерімен танысады.

 

Қазақстан халықтары бірлігі күніне арналған «Сазды қобдиша» - 23 сәуір.

23 сәуірде сағат 15.00-де Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайында Қазақстан халықтары бірлігі күніне арналған «Сазды қобдиша» атты іс-шара өткізіледі.

Қазақстан халықтарының ассамблеясының 20 жылдығына орай мұражай өз жұмысында әр түрлі формаларды қолдана отырып, елімізде тұратын ұлт өкілдерінің мәдениетімен, әдет-ғұрпымен, салт-дәстүрімен таныстырады

Бұл жолы келген қонақтарға ұлттық музыкалық аспаптар әлеміне саяхатқа аттануға ұсынамыз. Жәй ғана көріп, естіп қоймай, сиқырлы дирижер таяқшасының басқаруымен аспапатарда ойнап, керемет бір әсер алады. Дирижердің сиқырлы таяқшасының көмекшісі ролін Ғ. Жұбанова атындағы өнер мектебінің оқушылары атқарады. Олар халық аспаптарында қалай ойнау керек екенін көрсетіп, үйретеді.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.