1. «Кебіс көрмесі» атты сайыс халықаралық мұражай күніне арналған «Жәдігер бенефисі. Тапталған кебіс» қалалық мереке аясында өткізіледі – 16 мамыр.
16 мамыр күні сағат 11.00-де «Кебіс көрмесі» атты сайыс Халықаралық мұражай күніне арналған «Жәдігер бенефисі. Тапталған кебіс» қалалық мереке аясында өткізіледі. Экспозицияда мұражай қорында сақталған жинақтар: ұлттық, кәсіптік, күнделікті ерлер, әйелдер мен балалар аяқ-киімдері үлгісі көрсетіледі. Әр аяқ киімнің өз тарихы бар. Сонымен қатар, көрме аясында үш атауда тұрғылықты сакйыс өткізіледі:
• Тарихтағы із;
• Арт – аяқ киім
• Ескі кебістің жаңа өмірі
«Тарихтағы із» атауында сайыста қызықты және ерекше аяқ киімдердің үлгісі болады. «Арт аяқ-киім» атауында кез-келген техникада, қиял-арманыңыздан туылып, әр-түрлі материалдан жасалған туындылар сайысқа түседі. «Ескі кебістің жаңа өмірі» бұл жерде нағыз аяқ-киім, жаңа нысанаға айналуы тиіс (мысалы, гүл құмырасы, қарындаш сауыты, күл салғыш). Негізі біз жарысқа қатысушылардан белсенділік пен тапқырлықты күтеміз.
2. Мұражай күніне арналған «Жәдігер бенефисі. Қисайған кебіс.» атты іс-шара – 16 мамыр.
16 мамыр күні Теміртау қалалық тарихи – өлкетану мұражайы алаңында мұражайлар күніне арналған «Жәдігер бенефисі Тапталған кебіс.» атты іс-шара өтеді.
Бенефистің басты кейіпкері – кебіс. Мұражай алаңында 9 шығармашық алаң жұмыс атқарады. Орталық орын қор жинағындағы аяқ киімдер көрмесіне арналған, олар ұллтық, кәсіптік, және ескі нақышта болады. Сонымен қатар «Тарихта қалған із», «Ескі кебістің жаңа өмірі», «Арт аяқ киім» атауында сайыс өткізіледі.
Көрермендер Ғ. Жұбанова атындағы өнер мектебі оқушыларының аяқ киімдерге сурет салуын тамашалай алады. Қатысушылар өз қалауы бойынша кез келген шығармашылық стансаға қатысады: шұлғауды дұрыс орауды үйренеді, 2015 жылғы жаңа аяқ киім үлгісін ойлап шығарады, етікшіге қырқаяққа аяқ киім кигізуге көмектеседі, өзіне жаздық жеңіл аяқ киім жасай алады. Және де көптеген ойындар, жарыстар, конкурстар болады. Отралық алаңда қаламыздың шығармашылық ұжымдары өнер көрсетеді, сонымен қатар аяқ киім тарихы бойынша танымдылық ойындар бағдарламасы болады. Қатысушыларды жүлделер, сыйлықтар мен дипломдар күтіп тұр.