Саяси репрессия құрбандарын еске алу күніне арналған «Қуғын- сүргіндер:оқиғалар мен басты кейіпкерлер» атты іс-шара – 28 мамыр.
28 мамыр Теміртау қалалық тарихи – өлкетану мұражайында Саяси репрессия құрбандарын еске алу күніне арналған «Қуғын- сүргіндер:оқиғалар мен басты кейіпкерлер» атты іс-шара өтеді. Теміртау қаласының тұрғындарының тағдыры арқылы тоталитаризмнің қайғылы кезеңі туралы: ұжымдастыру туралы, жер аударылған халықтар туралы, РСФСР қылмыстық кодексінің 58 бабы туралы, біздің қаламыздың құрылысына қатысқан, және Қазақстан екінші Отанына айналған жандар туралы баяндалады. Келушілер бірегей жәдігерлерді көре алады, олар, тоталитаризмнің құрбандарының жеке заттары, құжаттары мен еске алу жазбалары.