Астана күніне орай «Астананың қалыптасу кезеңдері» атты экспозиция – 3 шілде.
3 шілде күні Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайында Астана күніне орай «Астананың қалыптасу кезеңдері» атты экспозиция ашылады. Экспозицияда Астананың қалыптасу кезеңдері туралы тарихи деректер, мұрағат құжаттары, кітаптар қойылады. Экспозиция 4 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім, мыңдаған жыл тарихы бар орта ғасырлық Бозоқ қалашығынан бастап Целиноград қаласы болып қалыптасқан аралықты қамтиды. Екінші бөлімде Астананың Қазақстанның бас қаласы ретінде қалыптасу тарихы жайлы айтылады. Үшінші бөлім Астана қаласының көрікті жерлерімен танысу интерактивті ойын түрінде жалғасады. Соңғы бөлім «Астана – болашақтың қаласы», ол ЭСКПО - 2017 көрмесіне арналған.
Қазақстан Магниткасының 55 - жылдығына және Металлургтер күніне арналған «Құрышпен шыныққан шежіре » экспозициясы – 1 шілде.
«Ұрпақтар байланысы» жобасы негізінде Қазақстан Магниткасының 55-жылдығы және Металлургтер күніне орай «Құрышпен шыныққан шежіре» атты экспозиция ашылады.
Қарағанды металлургиялық комбинатының көрінісінде, Қазақстан магниткасында көп жылдар бойы еңбек еткен металлургтер әулеті туралы, олардың зор еңбегі, атадан балаға мирас ретінде ауысып отыр, жан- тәнімен осы салаға өз үлестерін қосқан отбасылар туралы ақпараттар сөрелерде көрсетілген. Экспозицияда суреттермен бірге комбинат тарихымен ұштасқан, металлургтер әулетінде ерекше орын алған оқиғалар баяндалады.
Қазақстан Магниткасының 55-жылдығына және Металлургтер күніне арналған мерекелік іс - шара «Магнитканың жанды тарихы» - 1 шілде.
«Ұрпақтар байланысы» жобасы негізінде Қазахстан Магниткасының 55-жылдығы және Металлургтер күніне «Магнитканың жанды тарихы» атты мерекелік іс-шара өткізіледі. Тек жұмыс қана біріктірген емес, сонымен қатар олар өзара жақын болып келетін Металлургтердің бірнеше ұрпағының қызықты әңгімесінде Қарағанды металлургиялық комбинатының тарихы одан әрі жандана түседі. Мерекелік шараға Қазахстан Магниткасының құрметті металлургтар әулеті- Берг А.Б., Какенов Б. С. , Долженко В. М., Кусков В. В., жас темиртаулықтар, қалалық және облыстық БАҚ шақырылды.
Қарағандылық суретші Галина Коломенскаяның жеке көрмесі – 24 шілде.
24 шілде күні сағат 16.00-де Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайында қарағандылық суретші Галина Коломенскаяның жеке көрмесі ашылады.
Ол ҚР-ның суретшілер Одағының мүшесі. 1999 жылдан Қарағанды жас суретшілер көрмелерінің, Астана қ. «Шабыт» шығармашылық жастар фестивалінің қатысушысы. Теміртау қаласында, Қарағанды суретшілер Одағына қарасты жас суретшілердің шығармашылық бірлестігінің көрмелерінде өз жұмыстарын ұсынған болатын. Жұмыстардың авторы өз ой өрісі, қиял желісі бар, күнделікті тіршілікте пайда болып тұратын – дүние қалай пайда болды, өткінші уақыт туралы- өмір сұрақтарына жауап іздейтін суретші. айналған – өмірдің пайда болуы, Сонымен қатар өте жеңіл және оңай әсер ететін суреттері де бар, мысалы «Жаз», «Таң» немесе бояуларымен алай дүлей эмоцияға бөлейтін «Кениялық тауларға саяхат» атты суреттері тағы бар.
Көрмеде 40-қа жуық майлы бояумен салынған көркем суреттер ұсынылған.