• Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына арналған, қала кітапханаларымен бірге ұйымдастырылған «Құлақтан кіріп бойды алар» атты экспозиция.

6 тамызда Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайында Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына арналған, қала кітапханаларымен бірге ұйымдастырылған «Құлақтан кіріп бойды алар» атты экспозиция ашылады.

Экспозицияда сіздер ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы фотоматериалдарды көре аласыздар. Бірінші бөлім оның әдеби қызметінің көздеріне арналған. Экспозициялық көрмеде ақын туралы жазылған кітаптар, журналдар мен газет материалдары келтіріледі. Екінші бөлім бұл Абайдың еңбектері: өлеңдер жинағы, шығармалары мен поэмалары. Ең танымалы ақын, ойшыл, сазгер –Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасын баяндайтың «Қара сөздері», қазақ және орыс тілдерінде келтірілген. Абай өмір сүрген дәуірге толық ену үшін зал экспозициясын қазақтың сәндік-қолданбалы заттары бар «Киіз үй» бөлімімен толықтырылған.

• Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына арналған «Әлемге танылған Абай» атты іс-шара.

6 тамызда Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайында Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына арналған «Әлемге танылған Абай» атты іс-шара өткізіледі.

Абай бұл тек қана қазақ халқының ғана емес, ол әлем әдебиеті үшін де феноменалды тұлға.

Сіздер ұлы қазақ ақыны, шебер ойшыл, дарынды сазгер, қазақ жазба әдебитінің негізін салушы Абай Құнанбаевтың өмірбаянымен, шығармашылығымен танысасыздар. Оның балалық шағынан бастап, отбасымен және ақын өмір сүрген дәуірі туралы ақпарат аласыздар. Сонымен қатар ұлы қазақ ақынының дүниетанымының қалыптасуына әсер еткен адамдар мен тұлғалары туралы да білесіздер. Көрмеде ұйымдастырылған кітаптар арқылы сіздер оның шығармашылығымен танысып, поэзиясы және ең танымал шығармасы «Қара сөздерімен» танысып, Абай Құнанбаевтың жазған өлеңдерін тыңдай аласыздар.

• ҚР Конституциясының 20-жылдығына орай «Ата Заң әліппесі» атты іс-шара.

28 тамыз күні Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайында ҚР Конституциясының 20-жылдығына орай «Ата Заң әліппесі» атты іс-шара өтеді.

Экспозицияда бірліктің темірқазығына айналған, ең негізгі құндылық – Ата Заң ойларын жүзеге асыратын мұрағат құжаттары, фотосуреттер, пошталық маркалар қойылған. Ата заң ойларының қайнар бастаулары XV - XVIII ғасырлардағы "Қасым ханның қасқа жолы", "Есім ханның ескі жолы" және Тәуке ханның "Жеті жарғы"атты заңдарында көрініс алады. Алайда, заман ағымына қарай айрықша орын алатын Алаштың Конституциясы (жоба) болған. Экспозицияда Алаш-Орданың петициясының көшірмесі қойылады. Экспозицияны Қазақстанның конституциясының тарихы жайлы ақпараттар толықтырады, ол кейінгі бес рет жазылған Конституция, оның ішінде соңғы 1995 жылы қабылданған Конституцияда бар – ол 9 бөлім мен 98 баптан тұрады, соңымен қоса Конституция жайлы белгісіз 7 жәйіт туралы да жазылған.

Іс-шараға № 5516 әскери бөлімше қызметкерлері шақырылды.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.