28 тамыз күні сағат 16.00-де Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайында ҚР Конституциясының 20-жылдығына орай «Ата Заң әліппесі» атты іс-шара өтеді.

Экспозицияда бірліктің темірқазығына айналған, ең негізгі құндылық – Ата Заң ойларын жүзеге асыратын мұрағат құжаттары, фотосуреттер, пошталық маркалар қойылған. Ата заң ойларының қайнар бастаулары XV - XVIII ғасырлардағы "Қасым ханның қасқа жолы", "Есім ханның ескі жолы" және Тәуке ханның "Жеті жарғы"атты заңдарында көрініс алады. Алайда, заман ағымына қарай айрықша орын алатын Алаштың Конституциясы (жоба) болған. Экспозицияда Алаш-Орданың петициясының көшірмесі қойылады. Экспозицияны Қазақстанның конституциясының тарихы жайлы ақпараттар толықтырады, ол кейінгі бес рет жазылған Конституция, оның ішінде соңғы 1995 жылы қабылданған Конституцияда бар – ол 9 бөлім мен 98 баптан тұрады, соңымен қоса Конституция жайлы белгісіз 7 жәйіт туралы да жазылған.

Іс-шараға № 5516 әскери бөлімше қызметкерлері шақырылды.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.