10 қыркүйек күні Теміртау қалалық тарихи – өлкетану мұражайында Халықаралық сұлулық күніне орай, Перхинаның 90-жылдығына арналған «Қайта оралу» атты шара өтеді.
Шара Теміртаулық мәдениет қайраткері, Қазақстан Магниткасының құрылысшыларының би мен ән ансамблінің көркем жетекшісі және «Ерекше қиялшылар» үгіт бригадасын ұйымдастырушысы, 10 жыл бойы Карлагта тұтқында болған М.А. Перхинаға құрметіне арналады. Шараға М.А.Перхинаның оқушылары, әріптестері, КМС трестінің басшылары, қаланың алғаш тұрғындары, саяси қуғын-сүргінге ұшырағандарды еске алу мұражайының (Долинка) қызметкерлері қатысады.