20 қараша сағ. 11.00 –де Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайында Қазақ мемлекеттігінің құрылуының 550 – жылдық мерейтойына орай «Дала қырандары» атты мультимедиялық экскурсияның ашылуы өтеді.
«Дала қырандары» атты мультимедиялық экскурсия хронологиялық кесте бойынша 1465 жылы қазақ хандығының негізін салған Керей мен Жәнібек хандардан бастап, ең соңғы хан Кенесары Қасымұлымен аяқталады.
Экскурсияның мақсаты қазақ халқының тағадырындағы тарихи тұлғалардың рөлін ашу, жас ұрпаққа ел тарихына жүгініп, ата бабалардан келе жатқан өсиеттерді сақтап қана қоймай, Отаншылдық, ұлтжандылық қасиеттерін қалыптастыру.
Қойылымда қазақ хандығының қалыптасуына ат салысқан, ел басқарған тұлғалар жайлы электронды форматтағы ақпараттар мен құжаттар ұсынылады.
Экскурсияға қала мектептерінің оқушылары шақырылады.