5 сәуір күні қалалық тарихи-өлкетану музейінде тұңғыш қазақстандық ғарышкер Тоқтар Әубәкіровтің ғарышқа ұшқанына 25 жыл толғанын атап өтуіне орай «Қазақстандық ғарыштық эра» атты экспозициясының ашылуы өтеді. Экспозицияның тақырыптық құрылымы 4 бөліктен тұрады: «Байқоңыр-ғарыш айлағы»,«Т. Әубәкіров», «Т.Мусабаев» «А. Аймбетов». Әр бір көрмеге қойылған құжаттар мен фото-мәліметтер, тақырыпты кең көлемде ашады. Өзінің материалдарымен және мәліметтерімен ең кеңі «Тоқтар Әубәкіров» бөлігі берілген. Онда Тоқтардың бала кезіндегі, Армавир мектебіндегі оқу жылдарындағы, ұшқыш-сынақшы ретіндегі қызметі және ғарышқа ұшқаны туралы мәліметтері жинақталған. Бірегей экпонаттар да бар – ұшқыш-сынақшының шлемі, ракетаның макеті, «Мир» Халықаралық ғарыштық станциясында болған жалауша, арнайы сублимациядан өткен тағамдар – осының барлағы келушілерге қызықты болады.
6 сәуір сағат 12.30 да қалалық тарихи-өлкетану музейінде тұңғыш қазақстандық ғарышкер Тоқтар Әубәкіровтің ғарышқа ұшқанына 25 жыл толғанын атап өтуіне орай «Тоқтармен таңқалдырған - орбита» атты іс-шараның ашылуы өтеді. Онда қала мектебінің оқушылары, тарих пәнінің мұғалімдері, . Т. Әубакіров атындағы гимназия мектебінің өкілдері қатысады. Қонақтар тұңғыш қазақстандық ғарышкердің қызметі және өмірімен байланысты, қызықты тарихи оқиғалар және фактілермен таныстырылады. Т. Әубакіровтің ұшқыш-сынақшы мен ғарышкер ретіндегі қызметі туралы бейнесюжеттер ұсынылады. Іс-шараға арналған «Қазақстандық космостық эра» атты экспозициясы ашылған болатын. Ол 4 бөліктен тұрады: «Байқоңыр-ғарыш айлағы»,«Т. Әубәкіров», «Т.Мусабаев» «А. Аймбетов». Әр бір көрмеге қойылған құжаттар мен фото-мәліметтер, тақырыпты кең көлемде ашады. Бірегей экспонаттар да бар – ұшқыш-сынақшының шлемі, ракетаның макеті, «Мир» Халықаралық ғарыштық станциясында болған жалауша, арнайы сублимациядан өткен тағамдар – осының барлағы келушілерге қызықты болады.