ҚР Президенті Н.Назарбаевтың халыққа жолдауында атап өткендей, және ҚР Білім және ғылым министірлігінің мектептерде кәсіптік бағдар беру күндерін өткізу бұйрығына сәйкес, Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде 18 сәуірде сағат 12.00 де «Жұмысшы туралы баллада» атты іс-шара өткізіледі.
Іс-шараға Теміртау қаласының кәсіби-техникалық колледждерінің өкілдері, колледж студенттері шақырылды, олар өз мамандығының ерекшлігі туралы баяндап, өздерінің үйренген-білгендерін көрсетеді. Іс-шараның қонақтары – № 19, №24 орта білім беретін мектеп оқушылары, олар осы күні өздерін электрик, сатушы, шаштараз рөлінде көруге мүмкіндіктері бар.
Іс-шараның ерекшелігі – Теміртау қаласы колледждерінде меңгеруге болатын жұмысшы мамандықтарын көрсететін үлкен экспозиция, экспонаттар құрамында – жұмысшының арнайы киімі, жабдықтардың макеті, колледж оқушыларымен жасалған немесе пайдаланылатын оқу құралдыры.
21 сәуір күні сағат 15.00 де қалалық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан халықтарының бірлігі Күніне арналған «Киімге қарап қарсы аламыз» атты іс-шара өткізіледі.
Біз ұлттық киімдердәстүріне қызықты саяхат жасаймыз, оларда жасырынған тылсым сырды іздеп, құпиясын ашуға тырысамыз. Әр түрлі халықтардың ұлттық киімдерімен танысу дефиле түрінде өтеді, оған қатысушылар:
• «Силуэт» мода театры;
• «Понтос» грек этно-мәдени бірлестік өкілдері;
• «Полония» поляк этно-мәдени бірлестік өкілдері;
• «Берегиня» орыс этно-мәдени бірлестік өкілдері;
• Заманауи қазақ ұлттық киімдерінің дизайнері Жангүл Ибраеваның модельдері
Музей арнайы осы іс-шараға музей қорының жинағына кіретін жаңа ұлттық киімдер үлгісін ұсынады.