24 сәуірде Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде «АрселорМиттал Теміртау» Балалар мен жасөспірімдер орталығының «Саусақ ұшындаңғы әлем» атты балалар шығармашылығының XVI қалалық көрмесі өткізіледі. Халықаралық Жер күніне арналған көрмеде түрлі техникада орындалған жұмыстар ұсынылады: бейнелеу өнері, коллаж, батик, сәндік-қолданбалы өнер және компьютерлік фотомонтаж. Көрме әлемге балалар көзімен қарауға және балалардың қиял әлемін елестетуге мүмкіндік береді.
25 сәуір сағат 14.00 – де Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде дамуы шектелген балаларға арналған Облыстық №2 арнайы мектеп-интернат оқушыларының «Өз өмірінің жасампаздары» атты көрмесі ашылады. Көрмеде балалар өз қолдарымен жасаған 60-қа жуық сәндік-қолданбалы өнер шығармашылығының туындылары қойылады. Сәндік-қолданбалы өнер туындылары әртүрлі техникада жасалған – киізден, күйдірілген қамыр, папье-маше және т.б. Балалардың ой-қиялдарының нәтижесі - киіз кілемшелер, сөмкелер, газеттен тоқылған себет, жұмсақ ойыншықтар, картиналар – көрермендерге ерекше әсер беріп, түр-түсімен, тақырыбымен таң қалдырады. Көрменің ашылу салтанатында мектеп оқышалары «Шеберлер қаласы» атты жобасын ұсынады.
«Айналайын» балалар үйінің оқушылары мен Тілге ауыр зақым алған балаларға арналған мектеп-интернат оқушылары көрменің ашылуына шақырылды.