27 мамыр сағат 16.00 де Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде тұңғыш рет қарағандылық суретші Ирина Пономорёваның «Ван Гог стиліндегі қиялдар» атты көрмесі ашылады.
Ерекше импрессионистік бағыттағы жазу мәнерімен жасалған шамамен 40 сурет, түстері таза және қанық, бояуы айқын және майда. Келушілердің назарын көпжанрлы, әр түрлі уақыт кезеңінде, жазылған портреттер, пейзаждар, натюрморттар қызықтырады. Оның шығармашылық өнері өзіндік бақылауы мен күйініш әсерінен туындаған, ал олардың кейбіреулерінде Иринаның Ван Гог, Гоген, Моне сияқты сүйікті суретшілерімен қандайда бір ортақтығы байқалады. Оның тіпті осы әйгілі суретшілердің суреттерінің көшірмесін жазуға да батылы жетті.