30 мамыр сағат 12.00 де Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу Күніне арналған «Қылмыстық құрамы жоқ» атты іс-шарасы өткізіледі. Теміртау тұрғындарының бұрындары жарық көрмеген естеліктері мен құжаттары негізінде тоталитаризм дәуірінің зұлымдылығы ашылады. Экспозицияда «халық жауларының»: арнайы қоныс аударушылар Н. Киселёвтың, В.Брыкалиннің, А. Зацепилованың; ұлттық себептермен қоныс аударылған Я.Лейкер, Э. Юнг, А.Хольцмиллердің; заңсыз сотталып, НКВД лагерінде жазасын өтеген – Г. Райк, В.Белинский, О. Перхинның, П.Гуляевтың құжаттары мен өз қолдарымен жазылған естеліктері көрсетіледі. Мәліметтердің басым көпшілігі бұрын соңды жарияланбаған!
3 маусым сағат 12.00 де Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Тәуелсіздік нышандары» атты іс-шара өтеді.
Іс-шара «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік жылдарындағы Теміртау» залында, мемлекеттік нышандар орнатылған жерде өтеді. Іс-шара мемлекеттік нышандарды пайдалану ережелері, талаптары және оларды дұрыс орналастыруы туралы ақпаратты-интерактивті ойын форматында ұсынылады. Балалар екі сайыс тобына бөлініп, берілген тапсырмаларды орындап, Қойылған сұрақтарға жауап іздеп, өздерінің ой-өрісін жарысқа салады. Барлық материалдар мультимедиялық презентация арқылы көрсетіледі. Іс-шараға қатысушылар № 15 қазақ мектеп-гимназиясының оқушылары. Сайыс нәтижесінде жеңімпаздар дипломға ие болады. (Іс-шара мемлекеттік тілде өтеді).