6 маусымнан бастап екі апта бойы Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде тұңғыш қазақтың ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің ғарышқа ұшуының 25 жылдығына және тұңғыш рет адамзаттың ғарышқа ұшқанына 55 жыл толуына орай «Ғарыш әлеміне саяхат» атты танымдылық-интерактивті ойын өткізіледі.

  Қатысушылар қолдарына жұлдызды картаны алып, қызықты ғарыштық экспедицияға аттанады. Ғарыштық босаға арқылы біздің жұлдыздар жүйесіндегі Марс, Шолпан, Юпитер планеталарында болып қайтады. Сол планета тұрғындарымен кездесіп, балалар оларға ғарышқа қандай заттарды алуға болатынын, газбен ластанған атмосфера жағдайында қалай аман қалуға болатынын көрсетіп, Шолпан планетасына Жер планетасынан келіп түскен жұмбақ заттарды анықтауға көмектеседі.

 

  10 маусым күні Қалалық тарихи-өлкетану музейі Теміртаулық тұрғындар мен оның қонақтары үшін – «Музей қалашығы» атты орасан зор іс-шара өткізеді. Қалалық музейдің алаңында жаздық демалыс күндері көңілді ойын-сауық іс-шарасын өткізу дәстүрге айналды.

  Бұл іс-шараның биылғы тақырыбы ерекше – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл, осы орайда барлық шығармашылық алаңдар еліміздіңдің тарихымен, мәдениетімен және салт-дәстүрімен байланысты болады.

  Әдеттегідей келген қонақтар музей алаңында, ойындар арқылы, ой –өрісін кеңейтіп, көптеген қызықтарға кенеледі. Мысалы: «Отанымның гүлдері» атты суреттер галереясын жасауға, жұмбақты этношытырманнан аман есен шығу, «Менің Қазақстаным» интерактивті картасын жинау, ұлттық ойындарды ойнау, тарихи заттарды танып білуге, өз портретін салуға, тіпті бауырсақ пісіріп үйренуге де болады.

  Оған қоса Музей қалашығына келушілерді қызықты да думанды мереке күтіп тұр: ән мен би, ойын-сауық, жарыстар мен сайыстар.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.