12 шілде сағат 17.00 де Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде Металлургтер күніне орай, «Ұрпақтың жанды байланысы» жобасы шеңберінде, Қарағанды металлургиялық комбинаттың металлургтер әулеттеріне арналған «Магнитканың жанды тарихы» атты іс-шара өткізіледі.
Іс-шараның қонақтары 4 еңбекші әулетттің өкілдері – Майжоловтар, Бойко, Ташеновтар, Кинсфатор. Әр әулеттің еңбек жылдарын қосып жалпы санын шығарсақ: Майжоловтар әулеті - 717 жыл, Кинсфатор әулеті – 189 жыл, Бойко әулеті - 129 жыл, Ташеновтар – 64 жыл!
Әр әулеттің басшысы тек металлургияға деген әуестік туралы ғана айтып қоймай, өз отбасыларының тағдыры Қазақстанның, Теміртау қаласының, тарихында қандай із қалдырғаны туралы да баяндайды.