22 тамыз сағат 11-00 де Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде Семипалатинск сынақ ядролық полигонының жабылуына және Олжас Сулейменовтың 80 жасқа толуына арналған «Таңдау құқығы» атты экспозицисының ашылуы өтеді.
Экспозицияда атом қаруының жасалу тарихын, ядролық бомбылардың сынағы, аймақтың тұрғындарына әсер еткен жан түршігерлік салдары туралы мәліметтер беріледі.
Экспозицияда халықаралық антиядролық «Невада-Семипалатинкс» қозғалысына және оның жетекшісі Олжас Сүлейменовқа, сондай-ақ Тәуелсіз Қазақстанның халықаралық аренада ядросыз болашақты құру бастамасына ерекше көңіл бөлінген.
Экспозицияның ашылуна 1990 жылы Теміртау қаласында өткен «Әлем маршы» марафонына қатысқан – ақын Ботанов Қасым Ертайұлы, және осы оқиғаны бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жазған журналист Лахно Елена Алексеевна шақырылды.