9 қыркүйек сағ 14.00-де Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайында Отбасы күні қарсанында Теміртау қаласының көп балалы отбасыларына арналған «Жанұя» атты экспозиция ашылады. Инсталляция арқылы сіздер ошақ түтінін түтетіп отырған ананың ішкі жан дүниесін сезінесіздер. Құрақ көрпе қалай жылытса, ананың аяулы алақыны да, соншалық жылу береді. Сол жылулықта, мейірім құшағында өмір сүріп келе жатқан отбасы суреттерін, отбасылық құндылық ретінде атадан балаға жеткен мұрамен танысасыздар. Көрменің ашылуына көп балалы аналар отбасы мен Теміртау қаласы Әкімдігінің өкілдері қатысады.