20 қыркүйек сағат 12.00-де қалалық тарихи өлкетану музейінде «Мың түрлі мамандық» бағдарламасы аясында «Шымылдырық сыртында» атты экспозиция ашылады.
Экспозицияда – гримдеуші, постижёр, бутафор, костюмер, суретші, жарық беруші сияқты бірегей театр мамандары туралы баяндайды. Олардың барлығы жас көрермен Театрының жұмыскерлері. Мұнда қызықты заттар – театралдық костюмдер, жасанды шаштар, бутафория заттары, театралдық құрылымға жасалып, спектакльдерде пайдаланылатын нұсқалар мен макеттер жинақталған. Келген қонақтар спектакль қойылымын даярлау кезіндегі жұмыс сәттері бейнеленген архивтік суреттерді тамашалай алады.
21 қыркүйек сағат 12.00 де қалалық тарихи-өлкетану музейінде еңбек күніне арналған «Өмірдің өзі театр» атты іс-шара өтеді.
Іс-шараға қатысушылар - жас көрермен Театрының жұмысшылары. Бұл адамдарсыз, олардың ерекше мамандықтарысыз театрды көз алдына елестетуге болмайды - гримёр, постижёр, бутафор, костюмер, суретші, жарық беруші. Олардың мамандықты таңдауы қалай болды, мамандығын іске асыру үшін әрқайсысы қандай икемге және қасиетке ие болу керек, қиындығы неде – осы мәселе туралы әңгіме қозғалады. Сонымен қатар келген қонақтарға шеберлік сабағы да өткізіледі.