28 қыркүйек күні сағат 14.30 да қалалық тарихи-өлкетану музейінде, 1-қазан Қала күніне арналған, «Ұмытылған есімдер» атты іс-шара өткізіледі. Теміртаулық музейдің қорында 500-ден астам қала тұрғындарының жеке құжаттары сақталады. Өкінішке орай, олардың көпшілігінің есімдері бүгінде ұмытылып барады. Іс-шара қонақтарының назарларына алғашқы құрылысшылардың бірі - Гончаров Я., Шевцов Е -инженер-металлург, Қазақ металлургиялық зауытындағы мартен цехінің басшысы, қала басышыларының бірі болған – Мусалимов Г. және ауыр атлетикамен айналысқан, олимпиадашы Ю. Зайцевтың тағдырлары туралы сөз қозғалады.