11 қараша сағат 16.00 де қалалық тарихи-өлкетану музейінде теміртаулық белгілі коллекция жиюшы Гладышев Валерий Вячеславовичтың «Иконнан дерексіздікке дейін» жеке көрмесінің ашылуы өтеді.
Коллекция жиюшылық қасиет атадан балаға өткен. Арғы атасы жиюмен айналысқан. Валерий Вячеславовичтың коллекциясы икондардан басталды. Бірақ та көркем өнерге деген сүйіспеншілігі алысқа жібермеді. Бүгінде коллекциясында 100-ден астам өнер туындылары,олардың ішінде белгілі – С. Саносян, Л. Ядринцев, П. Гуляев, М. Подлесных, В. Крылов, Сахи Романов, Қ. Асқаров сияқты өнер майталмандарының жұмыстары бар.. Ол графикалық кескіндер, литография, скульптура, сулы және майлы бояумен салынған суреттер. Көркем өнер туындылары мен икондар көрмесі алғаш рет жарық көруде.