14 қараша сағат 12.00 де қалалақ тарихи-өлкетану музейінде Ұлттық валюта күніне арналған «Коллекция жию неден басталады» іс- шарасы өткізіледі. Осыдан 15 жыл бұрын музейде «Нумизматика» залы ашылды. Қазіргі кезде бұл залда 1300-ден астам, әлемдегі 76 елдің монеталары және 37 елдің қағаз ақшалары сақталады. Экспозицияның негізін 600-ден асатын жекеменшік ақша коллекциясы құрады. Коллекция қалай жиналады? Коллекциядағы ең қызықты монеталар? Олардың қазіргі таңдағы құны қандай? Осы сұрақтарға іс-шараның қонағы – Александр Яковлев – коллекция жиюшы, әрі өзінің коллекция жинағын музейге сыйға тартқан, Бүкілресейлік геральдикалық қоғамның тілші өкілі жауап береді.
Іс-шараға коллекцияның қызықты әрі құнды жәдігерлерімен танысуға қаламыздың мектеп оқушылары мен тарих пәнінің мұғалімдері шақырылды.