«Теміртау қалалық тарихи- өлкетану мұражайы» КМҚК 2014 жылдың 1 жарты жылдықта жасалған жұмыс есебі.
1. Экспозициялық-көрмелік жұмыс
бағдарлама |
Іс-шаралар |
мерзімі |
Халық тарих ағымында |
«Ақ халатты жандар» экспозициясы Теміртау қаласындағы алғашқы емхананың ашылу тарихы, амбулаторлық-емханалық қызметтің дамуы туралы. Өткен ғасырдағы бірегей фото- бейне- құжат деректері, медициналық инструменттер мен жабдықтар, медициналық карточкалар және т.б. қаламыздың атаулы дәрігерлері мен қарапайым келушілер үшін нағыз сыйлық болды. |
8 қаңтар |
Қарағанды қаласының 80 жылдығына |
Облыстық көркем өнер мұражай қорының «Алтын есімдер» көрмесі ашылды. |
17 қаңтар |
«Мәдени мұра» |
Теміртау қаласының құрметті азаматы, ҰОс ардагері, суретші М.С. Подлесныхтың 90 жылдығына арналған мұражай қорындағы суреттерден мерей тойлық көрме ашылды. Бұл суреттердің көбісі өткен ғасырдың 50-90-шы жылдары жазылған. Олар шексіз Сары Арқа даласының көркемдігін бейнелейді. Көптеген суреттері Қарағанды металлургиялық комбинатына арналады. Көркем сурет шығармашылығының барлық қыр-сырын жетік меңгерген шебер, бүгінде егде жасқа келген, сол себептен де бүгінде сүйікті ісімен айналыспайды. Теміртау қаласының тарихын бояу арқылы жеткізген суретшінің мол қазынасы өлкетану мұражайы мен дәріс алған оқушыларында мәңгі сақталып қалмақ. |
22 қаңтар |
«Мәдени мұра» |
«Зергерлік көрме» зергер өнерінің көрмесі Халықаралық зергерлер күніне арналған. Қарағанды және Теміртау қалаларының жеті зергер өнерінің шеберлері қатысты. Олардың көбісі Халықаралық зергерлер сайысының жеңімпаздары- Александр Цехмайструк, Геннадий Мокрушин, Александр Жуков. Көрмеде шеберлердің алтыннан, күмістен, мельхиордан жасалған авторлық жұмыстары көрсетілді. Бұл жерде зергерлік бұйымдардың жасалуының түрлі техникасы мен әдістері кеңінен танылды. |
24 қаңтар |
Отаншылдық тәрбие |
КӘЖК-нің Ауған жерінен толық шығуының 25 жылдығына арнайы «Менің Ауғаныстаным...» атты экспозиция |
14 ақпан |
2050 Бағдарламасы |
Теміртаулық суретшілерді есеп беру көрмесі «Арт - Береке».. Қаламыздың суретшілерінің шығармашылық жұмысының қорытынды нәтижесін көрсету дәстүрге айналды. Бұл көрмеде соңғы жылы салынған жаңа суреттер қойылды. |
21 ақпан |
8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған |
«Ридикюльдан жариялама» инсталляциясы. Әйел адамының өмірін сөмкесіз елестету мүмкін емес. Олар үшін сөмке екінші «Мен». Сөмкенің ішкі әлемінен өткен құпиялы да жұмбақ зат жоқ шығар. Өзінің иесі туралы да көп мәлімет бере алады. Бір ай бойында мұражай қызметкерлері мұражайға келген әйел жандарының сөмкесін, оның ішіндегі заттарды суретке түсіріп алуды өтінді. Осылай үйдегі әйел мен іскер әйелдің сөмкелерінің айырмашылығын да біліп алдық. Қызметіне қарай сөмкенің ішіндегі заттар да сәйкес келеді екен. Бұл суреттердің барлығы экспозицияда орын алды. |
28 ақпан |
Отаншылдық тәрбие |
«Партиялық хроника» экспозициясы ашылды. |
|
«2006 - 2016 ж арналған ҚР гендерлік тепе-теңдік стратегиясы» |
Облыстық көркем өнер мұражайына халықаралық әйелдер күніне арналған көшпелі экспозиция «Әйелдер анатомиясы» |
6 наурыз |
Жастар саясаты |
«Сплав» халықтық фотоклубының есеп беру көрмесі «Біздің күндеріміздің матрицасы». Он бір жыл бойы наурыз айында фотоклуб өзінің жылдық жұмысын қорытындылай келе мұражайда есеп беру көрмесін өткізу дәстүрге айналды. Көрмеге қатысушылар кәсіби фотосуретшілер, әуесқойлар, жаңадан осы өнерді меңгеріп жүрген жандар. Бүгінгі күнде бұл фотоклубта жастар өте көп, олар өз қатарынан жаңа толқын енгізіп, жұмыстарын жаңаша, заманға сай жүргізуде. Бұл жерде табиғат пен қалалық көріністер, әлеуметтік мәселелер тақырыбындағы суреттер көруге болады. Суреттер түрлі жанрларда жасалып, көз тартып, қызықтырады. |
14 наурыз |
«Мәдени мұра» |
Интерактивтік экспозиция «КСРО-да жасалған». Кеңес Одағының 70- жылдық тарихы мыңдаған кеңестік берді: үрей ұшыратын («НКВД», «ұжымдастыру»), мақтаныш сезімін оятатын («комсомолдық құрылыс», «тың игеру»), таңдандыратын да заттар бар («авоська», «жүктеме»). Әрбір кеңестіктің артында адамдардың өмірін баяндайтын тарих жатыр. |
31 наурыз |
«Мәдени мұра» |
Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесінің қарсаңында қалалық тарихи – өлкетану мұражайы 21 сәуірден бастап «Ұқсамастар бірлігі» атты интерактивтік экскурсиялар жүргізді. Бір аптаға мұражай |
30 сәуір |
Халықаралық жер күніне арналған «Арселор Миттал Теміртау» БЖО-ның шығармашылық студиясының «Әлем саусақ ұшында» атты көрмесі ашылды. Көрмеде 4 жастан 18 жасқа дейінгі балалардың әр-түрлі сурет, живопись, аппликация техникаларында жасалған шығармашылық жұмыстары көрсетілді. Саздан ауқымды фигураларды қолдана отырып, түрлі материалдардан жасағалған коллаждар ерекше назар аударды. Сонымен қатар, келушілер сазбен пластилиннен жасалған кішігірім формадағы мүсіндермен, газетпен сымнан өріп тоқылған заттармен танысты. |
27 сәуір |
|
Мемлекеттік мереке |
Отан қорғаушылар күніне арналған «Запастағы ер-азаматтар» экспозициясы ашылды. Идеялық мазмұны - ер-азаматтың бейнесінің «екі қырын»: отан қорғаушы (армиядағы әскери қызметі) және кейіннен әскери запастағы кезеңін көрсету болды. Экспозиция үш бөлімнен құралды: даярлық кезінде мұражай қызметкерлері теміртаулық әйелдер арасында сұрақнама өткізді, соның қорытындысы бойынша әйелдердің 85 % өз ерлерінің диванда жатқанын көреді екен. Сондықтан да экспозицияның бірінші бөлімінде –орталығында – диван, оның үстінде, төбеде, әрқашанда ерлерге негізгі міндетін еске салып тұратын, әскери киім ілінді. Диванда «Кенет соғыс басталып кетсе ше, ал мен болсам шаршағанмын...» деген жазу. Ол ер-азаматтардың әйелдерге берген жауабы. |
4 мамыр |
ҰОС Жеңіс күніне |
«Ардагерлерге құрмет» инсталляциясы Қарағанды облысының әкімі Б. Әбдішевтің ұйымдастыруымен «Космонавт» қонақ үйінде Қарағанды облысының ҰОС ардагерлерін құттықтау салтанаты. |
5 мамыр |
Халық тарих ағымында |
Кеңес Одағының батыры Нүркен Әбдіровтің 95 –жылдығына арнайы «Мәңгілікке шаншыла құлдырау» естелік блогы. Мұражайда көптеген тарихи тұлғаларға қатысты экспозициялық материалдың жоқтығынан, мұражайдың орталық қабырғасында ақпараттық стенд жасауға мәжбүрміз. Суреттік таспа түрінде жасалған «» Тарихи естелік таспада» жыл бойында атап өтілетін мерейтойлық немесе атаулы күндерге арналған ақпарат ілінеді. Осының арқасында жыл бойы аталып өтетін елеулі оқиғалардың көбісін көрсетуге мүмкіндігіміз бар. |
8 мамыр |
Мемлекеттік мереке |
Қазақстандық отбасылар күніне «Мерейлі отбасы» атты ұлттық сайыс аясында «Әлем» БЖО –да «Отбасылық құндылықтар» фотокөрмесі ашылды. Көрмеде спортт, еңбек, шығармашылық жағынан ең үздік теміртаулық отбасыларының мұрағаттық суреттері ұсынылды. Бұл іс-шараның мақсаты отбасылық институтты, адамгершілікті, руханиятты нығайту, отбасылық құндылықтарды арттыру. Қазақстандық отбасының жағымды бейнесін насихаттау. |
15 мамыр |
«Мәдени мұра» |
«Айтыңызшы, сағат қанша?» мұражай қорының және қала тұрғындарының жинағынан құралған экспозиция. Бұл экспозицияда мұражай қорына соңғы 10 жылда келіп түскен сағаттар жинағы көрсетілді. Олардың ішінде швейцарлық Gustav Becker фирмасының 1905 жылы жасалып шығарылған сағаты сияқты бірегей жәдігерлер де бар. Сонымен қатар 50-90 жылдармен заманауи қабырғалық, қалталық, қол сағаттар ұсынылды. Экспозицияның бір бөлігі, көрменің ашылуына бір ай қалғанда жарияланған «Тарихы бар сағат» сайысына, тұрғындар әкелген сағаттарға негізделді. Сайыс нәтижесі экспозицияның ашылу салтанатында жүргізілді, жеңімпаздар марапат қағаздары мен сыйлықтарға ие болды. |
17 мамыр |
Стратегия 2050 |
«Түрлі - түсті палитра» Ғ. Жұбанова атындағы Өнер мектебі оқушыларының мерейтойлық көрмесі. Көрмеде өткен оқу жылының ең үздік оқушыларының шығармашылық жұмыстары орын алды. Тұңғыш рет 2014 жылы шыққан мектеп түлектерінің дипломдық жұмыстары қойылды. Флористикалық композиция, кішігірім формадағы мүсіндер, батик, коллаж, графикалық суреттер, барлық жоғы 60-тан астам. Көрменің ерекшелігін, қайталанбас өрнегін, көркемдік бағасын арттырған дәл осы техникалар мен әдістердің сан алуан түрлері болды. |
30 мамыр |
Халық тарих ағымында |
«Тоталитаризм менің отбасымның тарихында» атты Теміртау қалалық мұражайы өткізген акцияның нәтижесінде жиналған қала тұрғындарының естеліктерінің негізінде құралған, саяси қуғын-сүргіннің құрбандарын еске алу күніне арналған «Ұрпақтардың айтуынша...» экспозициясы ашылды. |
29 мамыр |
Бүкіләлемдік тоқымашылар күніне |
Бүкіләлемдік тоқу күніне арналған «Ілмектер мен ілгектер» атты теміртаулық шеберлердің сәндік –қолданбалы шығармашылығының көрмесі ашылды. «Теміртаулық дарындар» жобасының аясында мұражай бірінші рет тоқымамен айналысатын жандардың шығармашылығын ұсынып отыр. Қатысушылардың арасында кәсіби айналысатындарда, әуесқойларда бар. Көрмеде қойылған заттардың басым көпшілігі эксклюзивтік заттар – декоративтік сағаттар, ойыншықтар, әшекейлер мен көркемдік паннолар, түрлі киім ұлгілері. Көрмеге қатысушылардың жас шамасы әр-түрлі: мектеп оқушылары, зейнеткерлер мен мүгедектер те бар. «Әлем» БЖО-ның «Көңілді ілмектер» атты шығармашылық шеберханасының мүшелерінің жұмыстарын да осы көрмеде көруге болады. |
5 маусым |
Медицина қызметкерлерінің күніне |
«Игілікті кәсіп» атты экспозиция ЖКТ холлында ашылды. Мұражай қорында сақталатын жәдігерлер мен фотосуреттер арқылы Самарқанд поселкесінің, кейіннен Теміртау қаласының денсаулық сақтау саласының тарихын баяндайды. |
13 маусым |
2. Жаппай- көпшілікпен жұмыс.
бағдарлама |
Іс- шаралар |
Мерзімі |
2050 стратегиясы |
«Теміртау ҚР Тәуелсіздігі жылдарында» залында «Қазақстандық жол -2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты дөңгелек үстел және ақпараттық блок ашылды. |
21 қаңтар |
«Мәдени мұра» |
Халықаралық зергерлер күніне арналған «Ұста, дархан, шебер» іс- шара өткізілді. |
31 қаңтар |
Халық тарих ағымында |
Самарқан елді мекеніне 105 жыл толуына орай «Дала аңызы» атты іс- шара өткізілді. Самарқан елді мекенінің тұрғындары кім болды, олардың тағдырына, елді мекеннің тағдырына ел мен әлемде болған оқиғалар қандай әсерін тигізгені туралы іс-шарада әңгімеленді. |
20 ақпан |
Отаншылдық тәрбие |
Ақпараттық акция «Ауғанстан – жазылмайтын жара…», КӘЖК-нің Ауған жерінен толық шығуының 25 жылдығына арналды. |
14 ақпан |
Күнтізбелік мерекелер |
Бүкіләлемдік экскурсоводтар күніне арнайы мұражайда «Мусейон» жобасы іске қосылып экскурсоводтар клубы ашылды. Бұл клубтың құрамына туған өлкесінің тарихын білгісі келген, мұражай ісіне қызығушылық танытқан политехникалық колледждің оқушылары кірді. |
21 ақпан |
«Мәдени мұра» |
«Ұлттық дәстүрлер» атты ғылыми –зерттеу жобасының аясында Наурыз мерекесіне арналған «Тойқазан» іс- шарасы өтті. Қонақжайлық қазақ халқының ерекше бір қасиеті. Ойлап қарасаң, бұл да бір ережелер мен қағидаларды талап етеді екен. Қазақ халқының дастархан басында жасалатын, басқа халықтардан ерекше, өзіндік әдет- ғұрыптары көп екен. Іс-шарада қонақжайлықтың егжей- тегжейімен таныстық: қалай шәй құю керек, қалай ұсыну керек екені, малдың басын кім ұстайды, кім бөледі, кімге не беріледі. Қалыңдыққа құда түсіп келгенде күйеу жігітке малдың қай мүшесі ұсынылады. Қазақтың қонақжайлығы біраз адамды таңдандырды. |
20 наурыз |
Отаншылдық тәрбие |
Ғарышкерлер күніне және Ю. Гагариннің 80 жылдығына арналған «Мәңгілік жолындағы айналым» атты іс-шара өткізілді. Бұл іс-шараға адамның алғаш рет ғарышқа ұшуы туралы баяндайтын фотоматериалдар мен жәдігерлер арқылы экспозиция жасалды. Өткізілу барысында Ю.Гагариннің ғарышқа ұшу дайындығы туралы түсірілген деректі фильмдер көрсетілді. Интерактивті мультимедиялық экскурс арқылы қатысушылар ғарышкердің өмірбаянымен танысты. Ғарышкерлердің ғарышқа ұшу дайындығы, салмақсыздық туралы балаларға түсінікті болу үшін, ойындар арқылы жеткізілді. |
11 сәуір |
Отаншылдық тәрбие |
«Ғылым жолындағы өмір», Қазақ КСР Ғылым Академиясының алғашқы президенті, геолог, ғалым Қ.И. Сатпаевтың 115 –жылдығына арнайы ашық іс- шара өткізілді. |
15 сәуір |
Күнтізбелік мереке |
Халықаралық кітап және авторлық құқық күніне арнайы қала кітапханаларымен біріге «Кітаптар салтанаты» атты іс –шара ұйымдастырылды. Іс –шара мақсаты Қазақстан республикасының тәуелсіздігі кезеңіндегі жарық көрген кітапхана қорындағы кітаптармен балаларды келесі тақырыптар бойынша таныстыру: |
22 сәуір |
ҰОС-ның 70- жылдығын тойлау бағдарламасы |
Екінші Дүниежүзілік соғысының басталуының 75 жылдығына орай «Өркениет қылмысы» атты ашық іс-шара. |
6 мамыр |
Кәсіби мереке |
Халықаралық мұражай күніне арнайы іс-шара «Мұражай әліппесі». |
16 мамыр |
Мәдени мұра |
Қаламыздың көркем өнер мектептері мен студия оқушыларына «Мұражай жәдігері арқылы тарихтану» бағдарламасы. Тарихтану төрт блоктан тұрады. Әр блок үш сағаттан жұмыс істейді: «Туған өлке табиғаты» , «Материалдық мәдениет», «Рухани мәдениет» және «Қаланың назар аударатын тарихи орындары». Оқушылар мұражай экспозициясының тақырыбымен танысып, мұражай залында отырып, алған әсерлері бойынша, көз алдында тұрған мұражай жәдігерінің көркем бейнесін салады. Бағдарлама нәтижесі – сурет нобайларының көрмесі. |
25 мамыр |
Кәсіби мереке |
Халықаралық мұражай күніне арналған қалалық мереке «Тик, так - сағаттар» |
17 мамыр |
Халық тарих ағымында |
«Ұрпақтардың жанды байланысы» жобасының шеңберінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналып «Тоталитаризм қайғысы менің отбасымның тарихында» атты қалалық акция өткізілді. |
30 мамыр |
ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне |
Мектепке қарасты лагерь балаларына арналған «Қазақстандық одиссея» іс -шарасы. Бұл іс –шара интерактивті – танымдылық ойын түрінде өтті. Балалар Қазақстан еліне виртуалды саяхатқа аттанды. Еліміздің географиялық ерекшеліктерімен, тарихи оқиғалар тізбегімен, салт – дәстүрлерімен танысты. Саяхат барысында қатысушылар шығармашылық сайыстарға қатысып, интеллектуалдық тапсырмалар орындап жасанды тосқауылдар мен қиындықтардын өтті. |
4 маусым |
Жастар саясаты |
Қоршаған айналаны қорғау күніне және нашақорлықпен күрес күніне арналған «Мұражай қалашығы» атты қалалық мерекелік акция өткізілді. Балалардың жазғы демалысы кезінде мұндай ойын-сауық іс- шара өткізу мұражай үшін дәстүрге айналды. Бұл жолы қатысушылар Мұражай галактикасы бойынша ғарышқа саяхатқа құпиялы планеталарға аттанды. Жұлдызды картада көрсетілгендей олар Эйва, Флора, Замбезия, Айкью, Смешариктер, Гончарлар, Құпиялар , Мим, Смайликтер планеталарында болып қайтты. Әрбір планетада оларды бірін бірі қайталамайтын қызықты тапсырмалар, сайыстар күтіп тұрды. 11 планетаны аралап, ғарыш әлемінің толық құқықты азаматы атанып, олар қайтадан Жерге оралды. |
10 маусым |
Полиция қызметкерлерінің күні |
«Мұражайлық детектив» интерактивтік –танымдық ойыны. Мектеп жанынан ашылған лагерь балаларына арналған бұл ойында полиция кәсібінің қыр-сырларымен танысты, криминалист, тергеуші рольдерін атқарды. Мұражай жәдігерлерімен жұмыс жасай отырып, қызықты ойындар, тапсырмалар арқылы дәлелдеме, дактилоскопия, графология, трасология дегеніміз не? Полиция қызметкері болу үшін қандай болу керек, нені білу керек? – деген сұрақтарға жауап іздеп тапты. |
23 маусым |
3. Баспа қызметі, БАҚ және мұражайға жарнама.
Әдістемелі ақпаратты анықтама жұмысы.
Ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесінде «Тоталитаризм кезеңі менің отбасымның тарихында», «Есте сақтау үшін», атты кітапшалар басылып шығарылды. Келушілерді қызықтыру және жарнама мақсатында өткізілетін экскурсиялар тақырыбы ұсынылған басылымдарды қаладағы оқу орындарына тарату ұйымдастырылды.
Бұқаралық ақпарат құралдарында мұражай жұмысы туралы 60 мақала жарық көрді. Республикалық және қалалық телеканалдарында мұражайдағы басты іс-шаралар мен көрмелер туралы баяндайтын 49 репортаж көрсетілді.
Екі қоғамдық мұражайдың құрылуына әдістемелік көмек көрсетілді. Мұражай жұмысының қырыны бойынша қала тұрғындарына кеңестік қызмет көрсетілді.