2020 жылдың 21 ақпанында Евгения Казакованың «Тыныштықта 12 жыл» атты жеке көрмесі ашылды.
Қарағандылық суретші Теміртау қаласында алғаш рет өз жұмыстарын ұсынды. Елуден астам майлы бояу және акрилмен жазылған туындыларды қарағандылық суретші соңғы екі жылда жасаған.
Көрмеге келушілер картиналарды қызығушылықпен қарады, өйткені сюрреалистік композицияларды вернисаждарда жиі көре бермейсің.
Суретші осы бағытта бұрыннан бері, Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың көркем графика факультетінің студенті болған кезден бастап жұмыс істеген. Осылайша, ол өзінің эмоцияларын, әсерлерін, өмір туралы ой-пікірлерін жеткізуге тырысады. Мүмкін, сондықтан әрбір суретте адамның эмоционалдық күйіндегі бейнесі бар. Шын мәнінде, бұл автордың көрерменмен әңгімесі.
Көрмеге қала суретшілері, зиялы қауым өкілдері, БАҚ өкілдері қатысты.