2020 жылдың 15 қазанында Теміртау алғашқы балалар ауруханасының ашылғанына 70 жыл толуына орай «Балалар денсаулығын қорғауда» атты экспозиция ашылды.
Экспозиция Теміртау қаласындағы балалар педиатриялық қызметінің 1950 жылдан бүгінгі күнге дейінгі қалыптасуының негізгі кезеңдерін көрсетеді. Көрме бөлімдерінде Теміртау музейінің қорларынан алынған бірегей фото материалдар мен медициналық құрал-саймандардың үлгілері ұсынылған.
Теміртау қ.бірінші балалар ауруханасына арналған экспозицияға Қазақстандық салалық денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалының төрайымы А. А. Мадиярова, Теміртау қ. денсаулық сақтау кәсіподақ комитеттерінің төрағалары кеңесінің төрайымы Т. Г. Сахновская, Теміртау қ. көпсалалы ана мен бала орталығының директоры С. Ғ. Аманжолова, Теміртау қ. педиатрия қызметінің ардагерлері қатысып, жоғары деген баға берді.