2020 жылдың 9 қарашасында «Ай жәдігері» жобасы аясында «Мамонттың азу тісі (кесіндісі)» экспозициясының ашылуы өтті.
Бұл жолы біз археологиялық коллекциядағы ең көне заттардың бірі - мамонттың азу тісінің кесіндісін ұсынуды жөн көрдік. Оның сақталу мерзімі 3 миллионнан 15-20 мың жылға дейін. 2014 жылы Березняки кентінің маңындағы бульдозер жұмыстары кезінде табылған.
Экспозицияда көрнекі эскиздер ұсынылған: азу тісінің кесіндісінің схемалық орналасуы және адам мен мамонттың бойының ұзындығының ара қатысы.
Ашылу әлеуметтік желілерде тікелей эфирде өтті. Ғаламтор кеңістігінің пайдаланушылары бірегей жәдігер туралы толық біле алды, сұрақтар қойды және оларды қызықтыратын ақпаратты алды.