2021 жылдың 2 сәуірінде «Ояну» көрмесінің ашылуы өтті. Ол «Арт-Чердак» шығармашылық мектебінің құрылуының бес жылдығына орайластырылды.
Музейдің үлкен көрме залында аралас техникада, графикада, акварельде, пастельде жасалған жетпіс сурет қойылды. Көрмеге оқушылар ғана емес, педагог Елизавета Эсли мен мектептің негізін қалаушы Ольга Павлова да қатысты.
Көрермендердітүрліжанрларменсуреттертақырыбықуантты. Натюрморттар, пейзаждар, портреттер және сюжеттік жұмыстар – мұның бәрі жас суретшілердің жұмыстарында ұсынылды.
Ашылу салтанатына ата-аналар мен мектеп оқушылары қатысты. Бейне үндеуді мектептің негізін қалаушы, танымал суретші, акварельші Ольга Павлова жасады. Оқушыларға ұстаздары мен ата-аналары тілек айтып, жылы лебіздерін білдірді.