2021 жылдың 22 сәуірінде Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған интерактивті оқыту ойыны басталды «Этнографиялық квест».
Квест тапсырмасы жолкөрсеткіштің көмегімен локациялардан өтіп, тапсырмаларды орындап «Шаңырақты» жинау.
Ал жолкөрсеткіш кілтке жабылған сандықта. Кілтті ашу үшін әріптері бар бөшкелерден санның атауына сәйкес сөз құрастыру керек.
Экскурсанттар 6 локациядан өтеді, оған кіру үшін:
- жәдігер неден жасалғанын анықтап және оның қандай мәдениетке жататынын көрсету керек;
- музыкалық аспаптарды олардың дыбыстары бойынша табу керек;
- нөмірлері бойынша жәдігерлерді тауып, кроссвордты шешу керек;
- қарабайыр ақша түрлерінің қай елге тиесілі екенін анықтау;
- ұлттық тағамдарды дайындау: қазақтың бешбармағын, өзбектің палауын, татарлардың чак-чак деп аталатын тағамын;
- экскурсанттар өткеннің хатын айна бейнесінде оқып шығу үшін құм жәшігінде жасырылған айнаны табуы керек. Хатты оқығаннан кейін олар ұлттық киімдерді мәдениетіне сәйкес орналастыруы керек.
Квестке №6 орта мектебінің 5 «А» сынып оқушылары қатысты.