2021 жылғы 20 мамырда «Ай жәдігері» жобасы аясында «1910-1916 жж. «Gustav Becker» қабырға сағаты» экспозициясының ашылуы өтті.

Экспозицияда неміс сағаттар шеберлігінің бірегей үлгісі – Теміртау музейінің қорында сақталатын, 1910-1916 жж. шығарылған «Gustav Becker» маятнигі бар қабырға сағаты ұсынылды.

«Gustav Becker» сағат өндірісі 1847 жылы ашылған, сағат ісінің негізін қалаушы Густав Беккердің есімімен аталған. «Gustav Becker» өнімі Дүниежүзілік ЭКСПО көрмелерінің бірнеше мәрте қатысушысы болды, тапсырыспен канцлер Вильгельм I мен рейхсканцлер Бисмарктың сарайына жеткізілді.

1917 жылға дейін «Gustav Becker» сағаттары Ресей империясына әкелініп отырды. Қазан төңкерісінен кейін КСРО аумағына сағат импорттауға тыйым салынды.

Ұсынылған сағаттардың корпусы қызыл ағаштан жасалған, оюланған бөлшектермен безендірілген. Сағат механизмінің өзіндік ерекшелігі Силезиядағы өндіруші «Gustav Becker» фабрикасының зауыттық таңбасымен расталады, бұл таңба циферблатта және сағат механизмінің ішкі бөлігіне де басылған.

Сағаттар XX ғасырдың басында Столыпин реформасы бойынша Қазақстанға келген қоныс аударушылардың ұрпақтарынан музей қорына түсті.

Экспозицияның ашылуы әлеуметтік желілерде тікелей эфирде көрсетілді. Экспозиция бір ай бойы жұмыс істейді.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.