10 маусым күні қалалық тарихи-өлкетану музейінің алдындағы алаңда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған, биыл 16-шы рет, «Музей қалашығы» атты ауқымды музей іс-шарасы өтеді.

Төрт сағат қалашық қонақтары музей алдындағы алаңда орналасқан Музей қалашығының станцияларына саяхат жасады. Жолкөрсеткішті қолдарына алып, олар 8 шығармашылық алаңды аралап кетті.

Әр алаңда қатысушыларға тақырыптары мемлекеттік бағдарламаларға негізделген шығармашылық, зияткерлік, танымдық тапсырмалар ұсынылды.

Жәрмеңке алаңында – келушілер көптеген көне жәдігерлермен танысып, сауда өнері мен экономика негіздерін үйренді, Экостанцияда біздің қаламызды қоқыстан тазартты, құпия қораптарда (кәсіптік бағдар беру станциясы) түрлі мамандықтармен байланысты жасырылған таңғажайып жәдігерлерді тапты, Тарихи лото - қаламыздың тарихы бойынша өзінің білімін тексеріп, «Туған жер» жеңімпазын анықтауға мүмкіндік берді. Әрбір қатысушының арқасында Достық кілемі мен Алма бағы құрылды.

Санитарлық нормалардың талаптарына байланысты келушілер саны шектеулі болды. Музей қалашығына 270-тен астам адам келді.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.