2021 жылдың 3 шілдесінде Теміртау тарихи-өлкетану мұражайында тікелей эфирде Астананың туған күніне арналған «Бозоқтан Нұр-Сұлтанға дейін» атты зияткерлік этнографиялық аукцион өтті.
Аукцион Instagram - да өтті. Барлық тілек білдірушілер жасына қарамастан өз білімдерімен сайысқа түсті. Сана сайысына Қазақстан мен Ресейдегі жазылушыларымыз қатысты.
Аукционға 8 лот қойылды. Бұл елорданың тарихымен тікелей байланысты музей жәдігерлері, фотосуреттер мен құжаттар. Заттарды көрсетумен қатар сұрақ қойылды. Бірінші болып және дұрыс жауап берген адам музейге тегін келу билетіне ие болды.
20-дан астам жазылушыларымыз аса белсенділік танытты.
Тікелей эфир бейнеролигі әлеуметтік желілерде көрсетілді.