2021 жылдың 12 шілдесінде «Ай жәдігері» жобасы аясында Металлург күніне орай «Е.Байғазиевтің «Құрметті металлург» төсбелгісі» экспозициясы ашылды.

Теміртауда қалаға дем беруші кәсіпорын – металлургия комбинатында «Құрметті металлург» атағының маңызы мен мәні ерекше. Металлургтер мерекесі қарсаңында музей осы мамандықтың ең лайықты өкілдерінің бірі-Еламан Байғазиевті еске алуды ұсынды.

1944 жылы Қазақ металлургия зауытында кадрлар тапшылығын жабу үшін оны жас комсомолдар тобының құрамында Свердлов облысының Ревда металлургия зауытына оқуға жіберді.

Қайтып оралғаннан кейін алдымен шихташы, содан кейін №2 мартен цехының болат қорытушысы болып жұмыс істеді. Көп ұзамай ол жоғары жылдамдықта болат қорытудың танымал шебері, жастардың тәлімгері атанды.

1958 жылы Социалистік Еңбек Ері атағын, ал 1963 жылы «Құрметті металлург» атағын алды.

Экспозицияның ашылуы әлеуметтік желілерде тікелей эфирде өтті. Экспозиция бір ай бойы жұмыс істейді.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.