2022 жылдың 7 ақпанын да №10 орта мектеп базасында Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін Ауғанстаннан шығару күніне арналған «Олар бұған төтеп берді» көшпелі іс-шаралар сериясының алғашқысы өтті
Іс - шара форматы мультимедиялық технологиялар мен музей жәдігерлері арқылы тарихи кезеңге енуді біріктірді: жауынгерлер формасы, каска, қазандық, дала телефоны, Кеңес әскерлерінің жабдықтары, жаттығу қаруы, интернационалист- жауынгерлердің хаттары, оппозиция жауынгерлерінің құжаттары мен насихат парақшалары және т. б.
Іс-шара барысында Ауғанстандағы соғыстың нақты оқиғасын бейнелейтін бейне, деректі хроника, сондай-ақ жауынгер-интернационалист жерлестеріміздің естеліктері қолданылды.