«Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында Ауғанстан жерінен Кеңес әскерлерінің шығуына 25 жыл толуына арналған «Ауғанстан: 29-шы көктем» тақырыбында интернационалист - жауынгерлермен кездесу өтті.
Ауған демократиялық республикасындағы ішкі қарама-қайшылықтар туралы тыңдап болған соң №6 орта мектеп оқушылары интернационалист – жауынгерлерге өзекті сұрақтар қойды: Ауғанға баратындарын білдіме, алғашқы шайқас естерінде ме, «моджахедтер» және «душмандар» деген кімдер? Сол соғыстың куәгерлері Бисолтанов Е.К., Глаголев В.С. и Арещенко С.И. өз естеліктерімен бөлісіп, балалардың барлық сұрақтарына жауап беріп, ордендері мен басқа да марапаттарға не үшін ие болғаны туралы әңгіме қозғады.