2018 жылдың 5 наурызында Теміртау тарихи-өлкетану музейінде, ҚР гендерлік саясатын қолдау мақсатында, музейлік «Әйелдер әлемі» жобасының аясында, Халықаралық әйелдер күніне арналған «Әйелдер пазлы» атты инсталляция ашылды.
Экспозиция әйел пазлының көпқырынды 4 бөлшегінен тұрады -балалық шақ, жастық шақ, орта жас және кәрілік. Әрбір бөлімде жәдігерлерден жас шамасына сәйкес әйелдер бейнесі құрастырылған: құмда ойнап отырған қыз, екі студент қыздар, жаңбырдың астында үйіне асығып бара жатқан апай және есік алдында отырған екі көрші-әжелер.
Инсталляцияда музей қорының бірегей жәдігерлері қолданылған – балалар және әйелдердің киімі, аяқ киімдері, көне ойыншықтар, косметика және басқалары. Ерекше қызығушылық тудыратын жәдігерлер – бұл 50 жыл бұрын Қарағанды облысында жасап шығарылған «Балдырған» балалар велосипеді, қызбаланың шұлығы мен сандалы, әйелдердің сәнді аяқ-киімі.
Алғаш рет инсталляцияның әрбір бөлімінде музыкалық сүйемелдеу болды, бұл әндер Теміртау музейінде жаңадан қолданысқа енгізіліп жатқан аудиогидтердің көмегімен тыңдалды.
Облыстық және қалалық БАҚ өкілдері алғашқы көрермендер болды. Инсталляция бір ай көлемінде жұмыс істейді.