2018 жылы 27 сәуірде сағ. 12.00-де Теміртау тарихи-өлкетану музейінде  Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған «Мәдени мұра ұлттық костюм арқылы» тақырыбында іс-шара өткізілді.

Музей бірнеше жыл бойы «Ұлттық костюм тарихы» жобасының аясында ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізіп, Теміртау қаласында тұратын халықтардың дәстүрлі костюмдерін зерттеп, қайта жаңғыртумен айналысады.

Іс-шара дәстүрлі дефиле түрінде өтті. Биыл қазақ халқының әйелдер және ерлер костюмдері зерттеліп, тігілді. Құжаттарға және фотоматериалдарға сүйене отырып, ХХ ғасырдың басында Орталық Қазақстан аймағында киілген костюмдер, элементтерін сақтай отырып, қайта жасалды. Көстюмдердің пішімі, кестелеп әрленуі егжей-тегжейлі көрсетілді.      

Іс-шараға Теміртау қаласындағы "Мирас" колледжінің студенттері мен  №21 мектеп оқушылары қатысты. Сонымен қатар республикалық және қалалық теледидар өкілдері болды.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.