2019 жылы 4 шілдеде Теміртау тарихи-өлкетану музейінде Халықаралық Домбыра күні мен Астана күніне орай ашылған "Қазақстан музейшінің көзімен" тақырыбында тарихи қайта құру ұсынылды.
Қайта құру 6 фотоаймақтан тұрды: киіз үйдің ерлер және әйелдер жартысы, алғашқы құрылысшылар шатыры, тігінші, сәкіде отырған әже, кеңес үлгісіндегі зал. Фотоаймақтар 3D форматында жасалған, соның арқасында еліміздің кешегі өткен өміріне саяхат жасап, есте қаларлық жарқын сурет түсуге болады.
«Қарағанды облысының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығ» мемлекеттік мекемесінің балалары бірінші болып өткенге саяхатқа аттанды.
Экспозиция форматы жас келушілерге өте ұнады. Олар Теміртау қаласының тарихымен, салт-дәстүрімен, тұрмысымен, біздің ата-бабаларымыздың әр уақыт кезеңіндегі рухани өмірімен танысты. Іс-шара шай ішумен және музейге шолу экскурсиясымен аяқталды. Тарихи қайта құру екі ай бойы жұмыс жасайды.