2019 жылдың 11 қарашасында Ұлттық валюта күніне орай "Тарихи монополия" атты экономикалық ойын өткізілді.
Ойын барысында қатысушылар кәсіпкерлік негіздерін игерді. Бизнес-топтарға бөліне отырып, жеребе арқылы қандай биржаға барып ақша табуды және қандай бизнес ашуды анықтады: мысалға ат қора, тігін ательесі, таверна немесе кір жуатын орын. Биржадағы жұмыс шаңды емес, тек миды істетсең болды, түрлі дәуірдегі төлем ақыларын табасың: қабыршақтар мен темекі, КСРО бондары.
Қазіргі заманда мұндай валюта музейде ғана қабылданады. Сондықтан айырбастау пунктінде теңгеге айырбастау жүргізілді. Бастапқы капиталды қалтаға салып, тарихи дүкенге аттанды. Мұнда кез келген талғамға қарай және әмиянның мөлшеріне қарай тауарлар бар! Өз кәсіпорнына қажетті құрал-жабдықтар сатып алып, кәсіпкерлігін ресімдеп, салтанатты түрде ашты! Ал жеңімпаздар сыйлықтарға ие болды!