2019 жылы 25 желтоқсанда Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде «Креативті Жаңа жыл» жобасы аясында «Сиқырлық аймағы» музейлік әлемге енгізілу өтті.
Іс-шара барысында қонақтар «Әжемнің жаңа жылы" қайта қайта құру аймағында болып, қор заттары арқылы ХХ ғасырдың ортасының жаңа жылдық интерьерін тамашалады.
«Жаңа жылдық ертеңгілік» аймағында маскарадтық костюмдер мен маскалардың тарихи коллекциясы ұсынылды.
«Бір күні жаңа жылда» аймағы геометриялық шыршалардан құрылған. Бұл шыршаларда Теміртау қаласы тұрғындарының жаңа жылдық фотосуреттері бекітілген ерекше ойыншықтар орналасқан. Бос ойыншыққа әрбір келген адам өзінің Жаңа жылдық фотосуретін жапсыра алады.
Киіз үйдегі дастарханда әр түрлі елдердің жаңа жылдық дәстүрлері жазылған кеселер жинағы орналасқан.
«Ойыншық эволюциясы» экспозициялық аймағында ХХ ғасырдың 1950-1980 жж. аралығында шығарылған 18 қорда сақталатын ойыншықтар ұсынылды.
«Ғайып болу» ойын аймағында маскарад киімдерін тиісті жәдігерлермен салыстыру ұсынылды.
Қонақтар үшін «Мен - ең тамаша сыйлықпын», «Аяз ата шанасы», «Шабыт», «Қысқы кеш» сияқты 4 фотоаймақ жұмыс істеді.