2020 жылдың 13 ақпанында Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылуының 31 жылдығына арналған «Ауған бұрылысы» экспозициясының ашылуы өтті.

Экспозиция Кеңес әскерлерінің қарулы қақтығысқа қатысу ерекшеліктері мен хроникасы туралы баяндайтын бес бөлімнен тұрады. Оқиға сол дәуірдің ресми құжаттары мен интернационалист жауынгерлердің жеке естеліктері негізінде ұсынылған. Әрбір бөлім музей қорында сақталатын бірегей жәдігерлермен толықтырылған: Ауғанстаннан келген хаттар , біздің жерлестеріміздің құжаттары, 1970-80 жж. Кеңес Армиясына тән әскери жабдықтар, моджахедтердің парақшалары мен куәліктері, дари мен пушту тілдерінің сөздіктері және т. б. Экспозицияның бір бөлімі - жауынгерлердің демалыс орнын бейнелейді – қолдан жасалған ағаш үстелде 1980 жылдарда бос уақытта пайдаланылған заттар қойылған: шахмат, газеттер және тағы басқа заттар.

Көрменің бір бөлігі интернационалдық борышын орындау кезінде қаза тапқан теміртаулықтарға, сондай-ақ Теміртау қаласында оларды еске алу құрметіне арналған. Экспозиция Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Теміртау бірлестігінің қолдауымен құрылды.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.