2020 жылдың 25 желтоқсанында 2020 жылдың аяқталуы үш ашылыммен есте қалды.
«Музей ассоциациялары» жобасы аясында «Жылдың ¼» интерактивті инсталляциясы ашылды. Инсталляцияда бірнеше аймақ ұсынылды. «Үш ақ ат» аймағында музейдің ең ірі жәдігері – 1952 жылға дейін Теміртауда қысқы уақытта пайдаланылған шана көрсетілді. «Қарлы орман» аймағында музейдің қор жинағындағы қысқы ассоциацияларды қардай аппақ текшелерден көруге болады; Теміртаудың «Қысқы тарих» аймағында – күнтізбе парақшалары қала тарихындағы ең жарқын қысқы оқиғалар туралы баяндайды. «Қысқы қамба» аймағы қала тұрғындарының ең танымал қорларымен танысуға мүмкіндік береді. Ал «Қысқы ассоциациялар терезесі» аймағында музейге келушілер өздерінің қысқы ассоциацияларымен бөліседі.
№ 2 ашылым Е.Тимершайхованың «Ежелгі фелтинг өнері» тақырыбындағы жеке көрмесі болды. 47 зат жүнді өңдеу дәстүріндегі ата-бабаларымызбен байланысты айқын көрсетеді.
№ 3 ашылым – «Жаңа жылдық көңіл-күй іздеуде» атты музей бағытының тұсаукесері. Музейдің әдеттегі экспозициясына 9 жаңа жылдық аймақ енгізілді – 4 жаңа фото аймақ, 5 интерактивті аймақ. Бағыттың соңында Нand made-сыйлық болады.
Ашылымдар Instagram тікелей эфирінде және офлайн өтті.