2021 жылдың 18 қазанында Теміртау тарихи-өлкетану музейінде Рухани келісім күніне орай «Діндер лаңкестікке қарсы» атты сындарлы сұхбат өтті.
«Әлемдік діндер тарихы» залында ұсынылған экспозициялық материалдар негізінде музей ағартушылық қызмет аясында сұхбаттық қарым-қатынас форматында іс-шара өткізді. Қатысушылар қала мектептерінің оқушылары болды.
Діни жиһад мәселелері және оның тарихи аспектісі, жастарды халықаралық лаңкестік топтарға қатыстыру және тарту мәселелері қаралды, Қазақстан Республикасының аумағында қызметіне тыйым салынған лаңкестік және экстремистік ұйымдардың тізімі жария етілді.
Іс-шара барысында ҚР ҰҚК баспасөз қызметі түсірген бейне және деректі материалдар негізінде мультимедиялық презентация қолданылды.