2022 жылдың 25 ақпанында Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейі А.Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай "Аманат" ғылыми-зерттеу квизін өткізді.
Квиз №4 орта мектептің 11 "Ә" сынып оқушыларымен өтті. Іс-шараны өткізу үшін А.Байтұрсыновтың өмірін көрсететін шағын экспозиция қызмет етті, ал әрбір қатысушы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін мұрағаттардан құжаттардың көшірмелері бар папкалар дайындалды.
Квиз 4 айналымнан тұрды: блиц сұрақтар, құжаттармен жұмыс, көкпар және "қара жәшік". Оқушылар 2 ойыншыдан 5 командаға бөлінді, әр команда тапсырмаларды орындай отырып, ұпай жинау керек болды, 4 айналымның нәтижесі бойынша 32 ұпай жинап, Әбен Нұрдәулет пен Мұқашева Гүлжан жеңімпаз болды.